Ерім дейтін ел тірек. Парижде өткен паралимпиаданың күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали демалыс күндері Ескелді ауданындағы Алдабергенов ауылына келіп қайтты. Өзі Жамбыл облысында дүниеге келсе де, ата-баба жатқан мекенді әрдайым жүрек түкпірінен шығармайтынын айтады. Көптің батасын алып, рухтанып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.