Үштөбе гарнизонының 55078 әскери бөлімі 50 жас сарбазбен толықты. Қатарға жаңа қосылған жауынгерлер Отанға қызмет етуге, еліміздің қауіпсіздігін қорғауға дайын екендерін білдіріп, ант қабылдады. Әскерде қызмет ету, ант қабылдау адам өмірінде бір ақ рет келетін, маңызды сәт. Қуанышты сәтке сарбаздардың ата- аналары, бөлімінің басшылық құрамы, ардагерлері мен жеке құрамы куә болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.