Алматы облысында жыл бойы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын 5 талдау жүргізілген. Мақсат – парақорлық пен қызметті асыра пайдалануға тұсау салу. Алматы облысы әкімінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында соңғы 2 талдауда қабылданған шаралар талқыланды. Кәсіпкерлік және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қатысты сыртқы талдау нәтижесінде жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар мен ескертпелер жасалған көрінеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.