Заңгер мен тілшінің себі тиді. Бүгін Ескелді ауданының тұрғыны Тілеубек Әбдімүлік тірілер тізіміне қайта ілікті. Бәзбіреудің мәліметтер базасында жіберген қателігінен 2 жылдан бері өлілер санатында жүрген азаматтың жан күйзелісін сөзбен айту мүмкін емес. Тірі екенін өздігінен дәлелдей алмаған ол тілшілерге хабарласып, артынша заңгер көмегіне жүгінген еді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.