Елімізде соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Мәселен, 2020 жылы құзырлы органдарға 179 мыңнан аса арыз-шағым түссе, ол көрсеткіш былтыр 90 мыңға дейін төмендеген. Бұл- бала қауіпсіздігі мен әйел құқығына ерекше назар аударғанның нәтижесі. Әрі өткен жылы әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені сеп. Яғни, бұған дейін ұрып-соғу әкімшілік жауапкершілік болса, енді қылмыстық болып өзгерді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.