Сарқан ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Емдеу мекемесі 3 пен 18 жас аралығындағы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Жаңа нысан орталық аурухананың аумағындағы балалар бөлімінің бұрынғы ғимаратында орналасқан. Оған бірқатар қоғамдық қор демеушілігі мен ішінара облыстық бюджет қаражатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.