Қазір жетісулықтардың 56 пайызы табиғи газ тұтынып отыр. Яғни, 392 мың адам көгілдір отынға қол жеткізген. Мәселен, бүгінгі күнге 63 елдімекен тұрғындары өркениет игілігін көріп отыр. Оның 30-на өткен жылы газ берілді. Солардың қатарында – Қаратал, Көксу, Ескелді ауданындағы бірқатар ауыл мен Талдықорған қаласы маңындағы шағын аудандар бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.