Ұйғыр ауданында былтыр 22 млрд аса сомаға өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Аудандағы өнеркәсіп көлемі 137 %-ға орындалыпты. Аймақтағы өнеркәсіп саласының дамуы – экономиканың ғана емес, жұртшылықтың жұмыспен қамтылып, әл-ауқатының жақсаруына да тікелей әсер етіп отыр. Бұл туралы Ұйғыр ауданы әкімі өңірлік коммуникациялар алаңында мәлімдеді. Өткен жыл бойынша аудан көлеміндегі жетістіктер мен кемшіліктер тізбектеліп, атқарылатын жұмыстар тізімі жасалды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.