Қосылған құн салығы мөлшерлемесін өзгерту мәселесі әлі де талқыланып жатыр. Ал, кәсіпкерлер бұл салықтың орнына 5 пайыздық сату салығы енгізілсе дейді. Салық реформасын түсіндіру мақсатында ұлттық экономика министрінің тапсырмасымен еліміздің алты өңірінде бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылуда. Арнайы сапармен Алматы облысына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов келді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.