Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Ақорда төрінде өңір басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Атап айтқанда Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан. Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.