Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн. теңгеге жетіп, 14,8% ұлғайды. Биылғы жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн. теңге болады. Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жоба қолға алынады. Астанадағы Қазақстан республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аймақтың атқарған жұмысына, жеткен жетістіктеріне шолу жасады. Еселі еңбектің есебін беріп, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап қатты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






