Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Оқылмаған хаттар» көркем фильмі көрерменге жол тартты. Туындының премьерасы Бикен Римова атындағы академиялық драма театрнда өтті. Көркем фильм еліміздегі бірлік, татулық, адамгершілік құндылықтары мен тарихи сабақтастықты терең сезінуге мүмкіндік береді. Айта кету керек 1,5 сағаттық туындыны Жетісу телерадиокомпаниясының кино бөлімі түсіріп шықты. Алдын ала көрсетілімге облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері мен Жетісудың көпұлтты халқы қатысып, ыстық лебізін білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






