Ел дамуы жолында білім мен білікті тиімді пайдалану аса маңызды: Мәулен Әшімбаев Талдау мектебін қорытындылады. Талдау мектебінің бесінші легі «SMART GOVERNANCE – мемлекеттік басқарудың тиімді парадигмасы» тақырыбына арналды. Бағдарлама түлектері жүргізген зерттеу жұмыстарын қорғап, елдің ұлттық мүддесі мен конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарын жолдады. Жоба Сенат жанындағы Сарапшылар клубының бастамасымен іске қосылып, Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Сондай-ақ өңірлердегі қызығушылықтың артуын ескере отырып, Талдау мектебінің бөлімшелерін Алматы және Өскемен қалаларында ашу жоспарланып отырғаны айтылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






