Премьер-министр орынбасары мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айдынды Алакөлде туризмнің дамуын пысықтады. Ақши мен Көктұма ауылында туристік нысандарда болып жағалау бекіту жұмыстарымен танысты. Ақши станциясының теміржол вокзалында болып, туристердің демалыс маусымындағы кедергісіз тасымалдануы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






