Волейболшыларымыз үшін биылғы маусым нағыз “Алтын жауған жыл” болып есте қалды. “Жетісу” әйелдер командасы 10-шы мәрте ел чемпионы атанып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубокты жеңіп алды. Сонымен қатар Азия клубтық чемпиондар лигасында қола медаль еншіледі. Ал ерлер ұжымы тарихта тұңғыш рет ұлттық лигада топ жарып, жанкүйерлерін қуантты. Осылайша “Жетісу” волейбол клубы 25 жылдық мерейтойын жарқын жеңістермен қарсы алып, ел спортының шежіресінде жаңа белеске көтеріліп отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






