Азаматтардың тұрғылықты жерін көркейту ісіне белсене қатысуы үшін “Аманат” партиясы жыл басында “Тұрғындар аманаты” жобасын іске қосқан. Бұл тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы түйткілді шешуге арналған. Яғни көпқабатты баспананың басқарушысына көңілі толғамаған немесе ұсынысы ескерілемген тұрғын “Аманат” партиясы жанынан құрылған қабылдау бөліміне жүгіне алады. Бүгін мүлік иелерінің бірлестігі және жеке пәтер иелері кооперативіне қатысты мәселені сала мамандары облыстық форумда талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.




