Жетісу өңірі аграрлы аймақ болса да өндіріске ден қойып, өсірген өнімін өңдеуге бет бұруда. Осы бағыттағы негізгі жобалардың бірі – Жаркенттегі крахмал-сірне зауыты. Соңғы екі жылда кәсіпорынға 6,5 миллиард теңге инвестиция тартылса, 2025 жылы қосымша 373 миллион теңге көлемінде инвестициялық субсидия берілген. Қаржылай қолдаудың нәтижесінде өндіріс ауқымы кеңейіп, жаңа жобалар іске асырылуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.




