Биыл жазда Талдықорған қаласында 500 адамға арналған заманауи емхана іске қосылмақ. Сонымен қатар Жастар паркі жасыл желекке оранып, автоматтық суару жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісудың бас шаһарын аралап, әлеуметтік құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты. Өңір басшысы қолға алынған жобалардың сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






