Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше Қазақстанда 36 мың адам ойынқұмарлық дертіне шалдыққан деген диагнозбен тіркеуде тұр. Мамандар елімізде кемінде 400 мыңға жуық адам үнемі бәс тігеді деп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде психикалық ауру деп таныған лудомания әсіресе жастар арасында кең тараған. Сол себепті Талдықорғанда Жетісу университетінде осы дерттің себебі мен салдарын жастарға түсіндіруге арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






