Мемлекеттік рәміздер күні елдің болашағын бағдарлайтын ерекше мамандарға құрмет көрсетілді. Өңірдің үздік педагогтары жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. “Құрмет” ордені мен “Ерен еңбегі үшін” медалін мұғалімдерге облыс басшысы Бейбіт Исабаев табыс етті. Аймақ басшысы ұстаздарға игі еңбектері үшін алғыс айтып, қазіргі қоғамдағы педагогтың ерекше, жоғары мәртебесіне тоқталды. Тек осы оқу жылының өзінде өлке жетістіктерінің қоржыны бірден екі жүз тоғыз марапатпен толықты. Өңір өрендері республикалық және халықаралық ареналарда үздік шықты. Жиын барысында қандай да жеңістің артында тәлімгер ұстаздың тұратыны тілге тиек етілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






