Келер аптада Алакөл айдынында шомылу маусымы ресми түрде ашылады. Осыған орай өңір туристер ағынын қабылдауға дайын. Биыл 2 млн нан аса отандық және шетелдік демалушылар келеді деп күтілуде. Бұған себеп туристер санының жыл сайын артуы. Мәселен 2024 жылы 1,7 млн адам келсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 1,8 млн-ға жеткен. Жалпы, Алакөл жағалауында 320 демалыс орны қызмет көрсетеді. Оның 270-сі Ақши ауылында орналасқан. Алакөлдің көркем табиғаты мен демалыс орындарының сапалы қызмет көрсетуі оны еліміздегі отбасылық демалысқа арналған ең танымал бағыттардың біріне айналдырып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






