Балқаш көлінде алғашқы коммуналдық жағажай шілде айында пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек қалың бұқараға арналған тағы екі қоғамдық жағажай салынады. Жалпы айдынды көлдің инфрақұрылым мәселесі толықтай шешілді деуге болады. Электр желісі, ауыз су және кәріз жүйесі тартылып, негізгі жұмыстар өз мәресіне жетті. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісудың көк маржанында Президент тапсырмаларына сай атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






