Биыл Жетісу облысында су тапшылығы жоқ. Өңірде суармалы егіншілік маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы дақылдары 511,8 мың гектар алқапқа егілді. Оның 200,2 мың гектары суармалы егістік. Егіс алқаптары 6 су қоймасы мен 12 жер үсті су көзі өзендер арқылы суарылады. Қазір су қоймаларындағы судың орташа толу деңгейі 31 пайызды құрайды. Талдықорған маңындағы «Алмалы» су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Шаруаларға су белгіленген кесте бойынша тұрақты берілуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






