Хирург- дәрігер Талғар қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Қайрат Исабаев “Nur Otan” партиясының мүшесі. Сайлауға үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған. Сайлауға дейін ол Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылының дәрігерлік амбулатория меңгерушісі болды. Сонымен қатар Талғар орталық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. Үміткер сайлаушылардың 53,5 % дауысына ие болды. Жалпы, үрдіс сайлау туралы заң талаптарына сәйкес өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.