7 – қараша белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы Еділ Ерғожаұлы Ерғожиннің туған күні. Академиктің 80 жылдық мерейтойына орай, туып өскен ауылында еске алу кеші өтті. Ескелді ауданына қарасты Жетісу ауылындағы орта мектепте, біртуар тұлғаның өмірі мен еңбек жолы айтылды. Еділ Ерғожин ширек ғасырға жуық Химия ғылымдары институтын басқара отырып, қазақ ғылымының дәрежесін көтеруге зор еңбек сіңірді. Ол өзі туып өскен жерін, білім ошағын ұмытқан емес.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.