Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жетісулық 30 үздік БАҚ өкілі марапатталды. Халықтың мұңын мұңдап, жақсылықтың жаршысы болып жүрген тілшілер қауымын бүгін облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов құттықтады. Ол ел дамуына ақпараттық үлес қосып жүрген қауымды айтулы мерекемен құттықтады. Ардагер аға буынды “Тәуелсіздіктің 30 жылдығы” мерекелік медалімен марапаттады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.