Тәуелсіздік күнінде “Жетісу” телеарнасы 8 сағат үздіксіз тікелей эфирге шықты. Шығармашылық ұжым мерекелік шығарылым барысында бірнеше шет елмен тікелей байланысқа шықты. 16 желтоқсан күні таңнан кешке дейін 12 сағат бойында көрермендеріне таза өз өнімдерін ұсынды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.