Медициналық мекемелер мен мектептер құрылысы, суару желісін жөндеу. Осы және өзге де өзекті мәселелерді Алматы облыстық мәслихат депутаттары Еңбекшіқазақ өңірінде өткен азаматтарды қабылдау барысында қарады. Бұл жолы халық қалаулылары Шелек ауылдық округі тұрғындарының өтініштерін тыңдап қайтты.