Украинадағы жағдай, Ресейге салынып жатқан санкциялар Қазақстан экономикасына тікелей қатысты. Осы күні теңгеміз біршама әлсіреді. Осыған байланысты екінші деңгейлі банктерде теңгелік салымы бар азаматтар алаңдаулы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Ұлттық банк теңгелік салымдарды қолдау бағдарламасын іске асырады”. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған жоспар инфляцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.