Көксу ауданы Балпық би ауылында облыстық ұлттық мектеп лигасының ойындары басталды. Оған Жетісу өңірінің аудан-қалаларынан 600-ге жуық спортшы келді. Олар баскетбол, волейбол, футбол және футзалдан мықтыларын анықтайтын болады. Бұл турнир 5 күнге созылады.