Күллі түркі халықтары үшін Жаңа жылдың бастауы болып саналатын Наурыз мейрамын Панфилов ауданы зор қуанышпен қарсы алды. Аймақ тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде тойлады. Күні бойы салт-дәстүрлер дәріптелген түрлі шара ұйымдастырылып, жиналған жұртшылық ұлттық ойындарды тамашалады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.