Ақсу ауданындағы жер комиссиясы қортындысына байланысы туындаған мәселе бойынша Талдықорғанда кезекті сот тыңдалымы өтті. Матай станциясының тұрғындары 3 айдан бері жер дауын шеше алмай келеді. Айта кетейік, былтыр желтоқсанның 5 мен 6 күндері Матай ауылының жер телімдеріне қатысты конкурс өткен еді. Алайда, оның шешіміне елдімекен тұрғындарының бірқатары қарсы шығып, сотқа шағымданған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.