Жаңа облыс. Ескі проблемалары көп. Бірі – бұралқы иттер. Ауласа да, азаяр емес. Оған қожайыны қараусыз жіберер жануарларды қосыңыз. Жыл басынан өңірде бас-аяғы 2200 ге жуық адамды ит қауыпты. 1000 нан астамы балалар. Аймақта транспорт легі толассыз. Қаңғыбас иттердің бір бөлігі дөңгелек астында қалып жатады. Өлексесі де түрлі аурулар көзі. Мамандар дабыл қағуда
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.