Еңбекшіқазақ ауданындағы Абай атындағы орта –мектептің құрылысы кешігіп жатыр. Жауапты мердігер тағы 2 ай уақыт сұрап отыр. Алайда ауыл тұрғындары мен мектеп басшылығы бұған қарсы. Мерзімінде мектепті тапсырмаған мердігерге сенімсіздік танытып отыр. Оның үстіне жүріп жатқан құрылыстың сапасыз екенін айтып дабыл қағуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.