Талдықорған қаласында “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы” жұмыс істейді. Жетінші жыл қатарынан әйелдер мен балаларға қолдау көрсетіп келеді. Жыл басынан 156 адам әлеуметтік көмек алған. Дені – балалар. Орталыққа тіркелген барлық қызмет алушыларға арнайы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар сапалы азық-түлік, гигиеналық заттар және жатын орындармен қамтылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.