Нұрмолда Алдабергеновтің есімі тек Жетісу өңірі ғана емес тұтас еліміздің ауыл шаруашылығы тарихында айрықша орын алады. Социалистік Еңбек Ері атағын екі мәрте иеленген ол аграрлық саланың дамуына зор үлес қосып, өңірдің еңбек шежіресінде өшпес із қалдырды. Ескелді ауданында көрнекті қайраткердің туғанына 120 жыл толуына орай облыстық ғылыми-мерейтойлық конференция өтті. Жиында оның өмір жолы, еңбек қызметі мен қоғамдық мұрасы талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






