Кәсіп бастаймын дейтіндерге таптырмас мүмкіндік. Аграрлық несие корпорациясы ЖАСТАРҒА АРНАП, жеңілдетілген несие бөліп отыр. Екі жарым пайызбен бес жылға бес миллион теңге дейін алуға болады. Жас ерекшеліктері 21 жастан 35 ке дейінгі аралықта болуы шарт. Тағы бір ұтымды тұсы, кәсібіңіздің түріне қарай несиені қайтару мерзімін бір жарым жылға шегертуге болады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.