Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында денсаулық сақтау саласын, әсіресе алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін жаңғыртуға баса назар аударды. Президент тапсырмасына сәйкес, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігі кеңейтіліп, 77 мыңнан астам учаскелік медицина қызметкерінің жалақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін артады. Бұдан бөлек, елімізде ана мен бала денсаулығын қорғауды күшейту мақсатында жаңа перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларының құрылысы қолға алынады. Президент бастамасы Жетісудың ақ халатты абзал жандарының да көңіліне медеу болды. Саланың дамуы өңір тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, уақытылы ем-дом көрсетуді жеделдетеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






