Алмалардың атасы. Сарқанда Сиверс гүлдеді. Жылда көктем сайын Тополевка ауылында көпшілік жиналып, жабайы алманы көріп, көзайым болады. Дәстүрлі фестиваль биыл да жарасымды жалғасын тапты. Шарада 100 ге жуық көшет егілді. Экошара ұйытқысы -Сарқан ауданының әкімдігі мен «Жоңғар Алатауы» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің ұжымы.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.