Алматы облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының кеңесі өтті. Мақсаты- Еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің ұйытқысына айналып отырған қоғамдық институт Қазақстан халқы ассамблеясының өңірдегі қызметін жандандырып, оны жаңа деңгейге көтеру. Кеңеске қоғам белсендірділері, ассамблея мүшелері, сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткерлері өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таразылап, өтініш-тілектерін айтты. Жаңа құрылған облыс орталығында Достық үйін салу туралы ұсынысымен қатар ассамблеяға реформа керек деген тілек назарға алынды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.