Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс VІ сессияның отырысы өтті. Жиынға өңір басшысы да қатысты. Депутаттар Марат Сұлтанғазиевтің қарауына екі мәселені қойыпты. Бірі «Алматы облысы әкімінің 2023 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесін келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізуге келісім алу. Келесісі «Алматы облысының құрметті азаматы» атағын беру болды. Басқосуда мәслихат мүшелері шығып өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуыына елеулі үлес қосқан 4 азаматты ұсынды. Олардың кандидатурасын облыс басшысы қолдады. Айта кетейік, сессия барысында өзге де мәселелер көтерілді. Ол, жеңілдетілген бағадағы дизель отыны, егінге қажетті тұқым сынды тағы басқа сұрақтар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.