Қазақстанға жазғы маусымда 448 мың шетелдік турист келді. Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам өзге ел азаматтары келген. Ал, екінші орында Астана қаласы. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген. Жалпы, аймақта 200-ден астам демалыс орны бар болса, биыл олар 1 млннан аса азаматты қабылдады. Жалпы, өңірде саланы дамытуға баса көңіл бөлініп жатыр. Бүгін туризм басқармасы Қонаевтағы нысандарда қызмет ететін мамандардың басын жиып, олардың кәсібилігін арттыру үшін семинар ұйымдастырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.