Алматы облысына іссапармен ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев келді. Ол Жамбыл ауданындағы қоғам белсенділерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын түсіндіріп, талқылады.
Ата-баба рухына тағзым. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл ауданындағы іссапарында алдымен мәдени нысандарды аралаудан бастады. Ақын Үмбетәлі Кәрібаев атындағы мұражайды көрді. Сондай-ақ ол қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.