Алматы облысында «Agro-Business Forum Assy-2023» ауыл шаруашылығы форумы өтті. Шара шөбі шүйгін, суы мол Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы жайлауында өтті. Барысында өңір шаруалары мен кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған көрме ұйымдастырды. Онда түйенің кептірілген сүтінен бастап, малдың жем-шөбі, минералды, органикалық тыңайтқыштарға дейін қойылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.