Алматы облысында халықты көмірмен қамтамасыз ету көрсеткіші 23 пайыз. Қазір өңірдегі темір жол желісі тұйықтары мен арнайы қоймаларда 43 мыңнан тоннадан аса көмір бар. Бұл туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының өкілі баспасөз брифингінде мәлімдеді. Айтуынша, 2023-2024 жылға: Қаражыра қимасынан 240 мыңға жуық, Шұбаркөл қимасынан 429,2 мың тонна, ал Ойқарағай карьерінен 61 мыңға жуық тоннаны жеткізу жоспарда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.