Алматы облысы аумағынан жылына 430 мың тонна қалдық шығарылады. Бүгінде 7 қоқыс полигоны мен 131 заңсыз үйінділер орналасқан. Көбіне олар Қонаев қаласы мен Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында. Десе де, өңірде экологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы сала мамандары өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.