Алматы облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті. Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта мерекеге орай концерт пен сала үздіктерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бірнеше номинация бойынша үздік мәдениет мекемелері, сондай-ақ өңірдің әртістері мен музыканттары анықталды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.