Жан мен тән рахатын алып, өзен көл жағалауларында демалып жүргінімізге 1 айдан аса уақыт болды. Бұл тек Қапшағай су қоймасы емес, барлық су айдындарында өтіп жатқан шомылу маусымы. Күн райы ысып, жағажайлар мен жағалауларда демалушылар саны күннен күнге артып келеді. Әсіресе, демалыс күндері салқындап, ыстығын басамын деушілер көбейеді. Соған қарай құтқаушылар қызметінің маңыздылығы артады. Олар күшейтілген режімде жұмыс істейді. Бүгінге дейін мамандар Алматы облысында суға кеткен 35 адамды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алған. Десе де, маусым айынан бері 7 адам тыйым салынған жерде шомылып, қайтыс болған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.