Екінші қазаннан бастап Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинация басталады. Азаматтар өңірдегі кез-келген мемлекеттік медициналық мекемеден тегін екпе қабылдаса болады. Бұл жөнінде облыстық санитариялық бақылау департаменті басшысының орынбасары баспасөз брифингінде мәлімдеді. Сәулет Қапсаламованың айтуынша биылғы маусымда өңір тұрғындарының 11 пайызын вакциналау жоспарланған. Жалпы, тұмауға қарсы екпені жыл сайын жүргізу ұсынылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.