Алматы облысындағы мектептерге автобустар берілді. Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев құны 2 миллиард 272 миллион теңге болатын, 36 автобустың кілтін табыстады. Балалар көлігі 5 ауданның білім мекемелеріне жіберілмек. Облыс басшысы балалардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті екенін атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.